- Advertisement -

Euronews Айша бибі кесенесін көрсетті

101

- Advertisement -

Еліміздегі тарихи жауһарлардың бірі, облыс мақтан тұтатын жәдігер  – Айша бибі кесенесін сегіз тілде ақпарат тарататын Euronews телеарнасы көрсетті.

Жаңалықтар тарататын еуропалық каналдың «Открытки» айдарында кесененің тарихы – Айша бибі аңызына қысқаша тоқталды.

Аңыз бойынша, Айша ару отбасының қарсылығына қарамастан, өзінің ғашығымен бірге болуға бекініп, сапарға шығады. Әйткенмен, Айшаны жол бойында жылан шағып өлтіреді.  Ал Қарахан билеушісі өзінің сүйіктісі Айша бибіге арнап кесене тұрғызады.

Бейнекөріністе кесене тарихымен таныстырған Жемісбек Жадыраев, ортағасырлық жәдігер адалдық пен шынайы махаббаттың символы іспеттес қасиетті бойтұмарға айналғандығын айтады. Ал телеарна жүргізушісі кесене Айша арудың өзіндей сондай нәзік, биязы екендігін, ондағы нақыштар мен өрнектердің өзі арудың келбетін аша түсетіндігін айтып, тамсанады. Бүгінде мұнда нәзік жандылар ана атанып, бақытты отбасын құруға ниеттеніп келетін дәстүр қалыптасқан. Сондай-ақ, екі жас үйлену тойында кесенеге келіп, құран бағыштаса, жастар ұзақ әрі баянды да бақытты өмір сүреді деген сенім ұялаған.

Бұдан бұрын Euronews-тің «Открытки» айдарында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Алматы және Астана қалалары көрсетілген болатын.                                                                                                                                                        «Ақ жол-ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support