- Advertisement -

Алыпқа құрмет – алашқа құрмет

68

- Advertisement -

Қазақ күресінің қадамын қарыштатқан «Қазақстан барысы» мегажобасы жамбылдық жамағатты шексіз қуанышқа бөлегені анық. Елбасы жүлдесі үшін бесінші мәрте өткізілген додада тұңғыш рет екі дүркін жеңімпаз атанған «Тараз арланы» Бейбіт Ыстыбаевты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, батырға құрмет көрсетті.
«Бейбіт, еліміздің ұлттық спорты саналатын қазақ күресінен өткен ірі додада жеткен жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының қолынан алтын тайтұяқты алу екінің-бірінің маңдайына жазыла бермейді. Сен тек қана жеңіске жетіп қойған жоқсың. Жерлестеріңді, қазақ күресінің жанкүйерлерін шаттыққа бөледің. Қазақ күресі қазір елімізде кеңінен танымал болса, алдағы кезде әлемге танылып, олимпиада ойындарының санатына қосылады деп сенеміз. Құдай қаласа, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында дәстүрлі «Еуразия барысы» мегажобасын кезекті мәрте өткізгелі отырмыз. Сол сында да, басқа додаларда да жеңістің туын биіктен желбірете беруіңе тілектеспін. Біз өзіңмен мақтанамыз» деп, игі тілегін білдірген Кәрім Нәсбекұлы қазақ күресінің арысына темір тұлпардың кілтін тапсырып, бапкері Елдос Далабайға қаржылай сыйақы табыстады. Марапаттау соңында Бейбіт Ыстыбаев журналистермен тілдесіп, өзінің жеңісті жорығын алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Табиғат Абаилдаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support