- Advertisement -

Ресей ғалымдары «селфидің» психикаға зиян екенін айтты

90

- Advertisement -

15-07-2015-selfi-alpinist-01АСТАНА. 15 шілде. Ресейдің психолог ғалымдары «селфидің», яғни, өзін-өзі суретке түсіріп, жариялаудың адам денсаулығына зиян екенін айтуда. Олар таратқан мәліметтерге сүйенсек, «селфи» психиканың ауытқуына әкелуі әбден мүмкін. Бұл туралы informing.ru хабарлады. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет үш кезең бойынша кері әсерін тигізеді. Бірінші кезеңде адам күніне 3 рет өзін-өзі суретке түсіргенімен, оны еш жерде жарияламайды. Келесі сатыда ол сол суреттерін ғаламторға салуды міндет санайды. Соңғы кезеңде адам күніне 6 немесе одан да көп «селфи» жариялап отырады. Ал бұл психиканың бұзылғанын білдіреді. Себебі, ол адам өзі жариялаған суретке басылған «лайктар» мен жазылған пікірлерге тәуелді болып қалады. Мұндай тәуелділігі бар адам «селфи» жасау үшін кез келген нәрсеге баруға дайын. Тіпті олар өмірлеріне қауіп төндіретін жайттарға да назар аудармайды. «Қазіргі кезде осындай жағдайдан адамдардың қайтыс болуы жиілеп кетті. Егер «селфиге» тәуелділікті психикалық ауытқушылық деп бағалап, ондай жандарға психологиялық көмек көрсетпесек, жағдай тым ушығып кетуі мүмкін», – дейді мамандар.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/07/15/70141

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support