Елімізде «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды

Елімізде «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды
ашық дереккөз
Елімізде «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды

14-07-2015-kurtafello-2Қазақстанда «Құртафелло» атты жаңа тауарлық белгі пайда болды. Оның иесі оңтүстікқазақстандық кәсіпкер – Айнаш Ұбайдоллаева. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Іскер әрі жаңалыққа жаны жақын кәсіпкер жұрттың назарын ұлтық тағамның түріне аударудың осындай жолын тапқан. «Көптен қымыз сатамын. Интернет парақшаларын аударып, көп шолып ізденемін. Үнемі тауарларыма әр беріп, жаңалық жасағым келеді. Бірде көзіме «куртаефелло» деген атау түсіп, содан ойда қалдым. Ақыр соңында дүниеге «Құртафелло» келді. Біздің құртымыз ең тәтті құрт. Ұлттық тағамның бұл түрінен бренд жасағым келеді», – деді Айнаш Ұбайдоллаева. Бір қорап «Құрафелло» 250 теңге тұрады. Қазақстандық жаңа тауар белгісін ешқандай да Raffaello шоколадының атауымен шатастыруға болмайды. Сол үшін де, кәсіпкер Астанаға барып, авторлық құқық саласының мамандарымен кеңесіп, қазақы «Құртафелло» атауын біржолта заңдастырып та алды.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/07/14/69977

Ұқсас жаңалықтар