- Advertisement -

Елге қызмет етудің ерекше жолы

96

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бес институционалды реформаны ұсынудың бірден бір себебі, болып жатқан ғаламдық өзгерістерге пәрменді жауап беру қажеттігінен туындағанын айтты. «Бір орында тұрып қалмау керек. Біздің жетістігіміздің арқасында біз мемлекеттігімізді нығайту үшін алға жылжуымыз керек» деп Елбасы атап өтті.
Бірінші реформаны жүзеге асыруда Елбасы мемлекеттік қызмет корпусын реформалауға ерекше назар аударды. Онда бүгінгі таңда орын алып отырған кадрлық потенциалдың және еңбекақының төмендігі, командалық ауысу, мансаптық өсудің төмендігі сияқты кемшіліктерді жою үшін экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды сапалы қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби, білікті мемлекеттік аппарат құру көзделген.
Мұнда жекелеген тұлғалар үшін және ағымды саяси үрдістерге тәуелсіз жеке аппарат құру маңызды. Ұсынылған мансаптық модель маманға тек төмен сатыдан бастап барлық басқарушылық сатыларынан өту емес, сондай-ақ нағыз кәсіби маман болуға мүмкіндік береді.
Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызмет этностық қатыстылығына қарамастан меритократия қағидаттары негізінде өзін-өзі көрсетуге бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналуы керек» деп атап өтті. Меритократия және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жұмысының басымдықтары болып табылады. Біздің міндет – халыққа адал, қалтқысыз қызмет ететін талантты мамандарды анықтау, оларға қолдау көрсету және кәсіби әлеуетін және шығармашылығын іске асыруда құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасау.
Бұл жұмыстардың алғашқы қадамы басталды да. Ағымдағы жылы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі қосылды, онда кадрларды жасақтау және ауысу үрдістеріне байланысты барлық мәселелер барынша ашық және объективті жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ведомстволық кадрлық шешімдер жасауда талаптардың орындала бермейтіндігі жасырын емес. Енді біздің қолымызда кадрмен жұмыста субъективтікті барынша төмендететін құрал болады.
Ведомство өзіне азаматтық және басқару мәдениетін шоғырландырды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту бойынша жаңа импульс қалыптастырып, жұмысқа көзқарасты өзгертті. Тәжірибе көрсеткендей жұртшылықтың құқық қорғау органдарына деген сенімдері төмен. Агенттік құқық қорғау міндеттеріне қарамастан қысқа мерзім ішінде өз жұмысында азаматтардың сеніміне ие бола алды. Бұған біздің ашықтық және бұзылған құқықты қалпына келтіруде мақсатты жұмыстарымыз мүмкіндік беруде. Департамент тарапынан Агенттік жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттарын түсіндіру бойынша жастар өкілдерінің, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, облыс кәсіпкерлерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп келеді.
Алғаш рет Агенттіктің орталық аппаратының және оның аумақтық құрылымдарының құқық қорғау блогына конкурстық іріктеу арқылы басшылық лауазымдарды тағайындау принципі енгізілді. Конкурс өткізу барысында кандидаттың лауазымға лайықтығын анықтайтын басқарушылық, психологиялық және басқа да аспектілерін анықтау бойынша технологиялар қолданылады.
Қазір мен осы департаментте жоғары білікті мамандардың жұмыс жасап жүргендігін нық сеніммен айта аламын. Конкурстық іріктеуді қатаң түрде жүргізе отырып және полиграфиялық зерттеулер арқылы ең үздік кандидаттарды таңдадық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жоғары кәсіби, өз міндеттерін адал атқаратын мамандардың болуы біз үшін өте маңызды. Осындай бейнемен Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган барлық жағынан адалдықтың және халыққа қызмет етудің үлгісі болуы тиіс.
Қазіргі заман талабына сай экономикалық бағдарламалардың тиімділігін және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік органды құру бүгінгі күні маңызды тапсырма болып тұр деп есептеймін. Меритократия принципі бойынша мемлекеттік қызметке теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, мансаптық өсу жүйесінде әділеттілік және қызметкерлерге бонус төлеу – бұл мемлекеттік аппараттың жүргізіп отырған жүйелі реформасының жалғасы. Мұндай жүйе заманауи басшыларға жаңа мүмкіндіктер ашатын болады және ынталандыратын болады.

Мақсат Қожабаев,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support