- Advertisement -

Қазақстан әлемдік адам капиталы рейтингінде 124 елдің ішінде 37-ші орынды иеленді

79

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы мен Mercer компаниясы жасаған әлемдік адам капиталы (The Human Capital Report 2015) рейтингінде 124 елдің ішінде 37-ші орынды иеленді.

Рейтингті жасау кезінде 46 көрсеткішті ескерумен адам капиталының (Human Capital Index) индексі есептеледі. Бұл көрсеткіштердің ішіне өмір сүру деңгейі, жұмыс күшінің сауаттылығы, білімі, біліктілігі және өмір сүру ұзақтығы кіреді.

ДЭФ нұсқасы бойынша Ресей аталмыш индикаторда 26-шы орында, Армения — 43, Қырғызстан — 44-ші орында.

Бірінші үштіктегі көш бастап тұрған елдер — Финляндия, Норвегия мен Швейцария. Рейтинг соңында Мавритания, Чад пен Йемен тәрізді елдер аталған.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support