- Advertisement -

Жамбылдың жойқын жұдырығы

113

- Advertisement -

Евгений Егембердиев даңқты Джефф Монсонды жеңді

Аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген жамбылдық былғары қолғап шебері Евгений Егембердиев даңқты спортшы Джеф Монсонды тізе бүктірді. Қапшағайда өткен турнирде «Алаш прайд» командасының намысын қорғаған Евгений «Метис» Егембердиев пен Джефф «Аққала» Монсон арасындағы кездесу белгіленген үш раундқа созылды. ММА жекпе-жектерінде аты әлемді шарлаған даңқты Федор Емельяненконың інісі Александр Емельяненко сияқты мықты спортшыны жеңген Монсон Женяға келгенде не істерін білмей далақтап қалды. Үш раунд бойы Егембердиевтің аяғына ұмтылды. Жерге жантайып жатып алды. Өз кезегінде соққыларын қолымен де, аяғымен де дөп тигізе білген жамбылдық жампоз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңісті жұлып алды. «Аққала» атанып кеткен Монсон өз кезегінде қазақ спортшысының жеңісін мойындады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support