- Advertisement -

Ертеңгі күндеріне сенімді екендерін мәлімдеді

77

- Advertisement -

21 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды кандидаттың сайлауалды штабының баспасөз қызметі. 

37Делегация құрамында – ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков бар.
Сапар барысында РҚШ мүшелері «Көкшетау» мәдениет сарайында, «Көкшетау» облыстық қан орталығында, «Көкшетау минералды сулар» өндірістік кәсіпорны мен ҚР ІІМ Көкшетау техникалық институтында болды.
«Кәсіпкер және аграршылардың өкілі ретінде бизнеске үнемі қолдау көрсетіп жатқаны үшін мен Президентке рахмет айтамын. 2001 жылы біз өз кәсібімізді жеті адам болып бастадық, бүгін бізде бес жүзге жуық адам еңбек етеді. Бұл бес жүзге жуық отбасының тұрақты кірісі бар деген сөз. Мемлекеттік қолдау дегеніміз бүгінгі күні ол 5 пайыздық ең төмен деңгейдегі несиелер, «ҚазАгроҚаржы» мен «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы» беретін 7 пайыздық көмек қаржылары. Көптеген жылдардан бері біз Президенттің қолдауын қатты сезіп келеміз», – деп атап өтті облыс белсенділерімен кездесу барысында «Есіл-Агро» ЖШС директоры Асылбек Ісмағамбетов.
Өз кезегінде Көкшетау қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов неліктен өз отбасының 26 сәуірде Елбасыға дауыс беретінін тілге тиек етті.
«Ұлтыңның, дініңнің немесе туған тіліңнің қандай екеніне мән бермей, бәріне бірдей қарайтын мемлекетте өмір сүру – зор бақыт. Қазақстанды әлемдегі келісім мен халық бірлігінің аралына айналдырғаны үшін мен Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетпен алғыс айтамын», – деді С.Зиборов.
«Кәсіпкерлер, орта тап – бұл кез-келген мемлекеттің тірегі. Біздің мақтанатын да, бағалайтын да және айырылып қалатын да нәрсеміз бар. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетуі бизнес үшін алдағы уақытта табысты дамудың кепілі болады», – деді «Көкшетау минералды сулар» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Әлиев.
«Өз жерімнің патриоты ретінде мынаны айтқым келеді, біздің Қазақстанымыз ұлы және мүмкіндіктері тең ел! Менің тағдырым осының жарқын мысалы: менің ғылыми дәрежем бар, ғылыми жұмыстармен айналысамын, «2014 жылдың үздік дәрігері» атағын алдым. Менің тағдырым барлық қазақстандықтардың тағдыры сияқты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты деп есептеймін. Ол менің көшбасшым, ол біздің бәріміздің көшбасшымыз. Оның соңынан барлық Қазақстан халқы ереді!», – деді өз сөзінде Ақмола облыстық ауруханасының неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы арқасында біздің еліміздің – тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын айта келіп, ақмолалықтар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ертеңгі күндеріне сенімді екендерін мәлімдеді. Сондықтан халық президенттік сайлауда бейбітшіліктің, бірліктің және Қазақстанның гүлденуінің символы болып табылатын Елбасы үшін дауыс беретін болады.
* * *
ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабының өкілдері Степногорск қаласында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Делегация құрамында – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Қарулы күштер ардагерлері ассоциациясының төрағасы Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар бар.
Қала активімен кездесу барысында «СП Sareco» ЖШС металлургиялық зауытының жұмысшысы Асылбек Қаржаубаев елдегі жұмысшылардың барлығы аталған саяси науқанда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын айтты.
«Біз барлығымыз 90-жылдары Степногорск тұрғындарына қаншалықты қиын болғанын білеміз: бірегей өндіріс ошақтары тоқтап тұрды, жұмыссыздықтан көптеген тұрғындар қаладан кетіп қалды. Алайда, Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында қаланың екінші тынысы ашылды. ҮИИД бағдарламасы бойынша жаңа 5 кәсіпорын ашылды. Мен жұмысшы азамат ретінде айтарым осындай мүмкіндігі зор мемлекетті нағыз Көшбасшы басқару керек. Ал ондай адам ол біздің Президент!», – деп атап өтті А.Қаржаубаев.
Степногорсктық «Жас Отан» филиалының жетекшісі Никита Карандашов кездесуде қаланың барша жастары Нұрсұлтан Назарбаевты өздерінің кумиры ретінде есептейтінін жеткізді.
«Нұрсұлтан Әбішұлы бұл өмірде бәріне өзі қол жеткізді. Мен оның ер азаматқа тән ержүректілігіне, мақсатына ұмтылу қасиетіне таңқаламын. Осы ретте айта кетерлігі оның алдында бүгінгі біздің жастарымыздың алдындағыдай мүмкіндіктер болмады. Жалпы, Қазақстан жастарының айы оңынан туып отыр. Біз табысты және өркендеп келе жатқан мемлекетте тұрып жатырмыз. Бізде әлемнің үздік оқу орындарында білім алу, жеңілдікпен пәтер алу және жұмыс үшін үздік шарттарды таңдау сынды мүмкіндіктеріміз бар. Менің көшбасшым біздің Елбасы», – деп атап өтті Н.Карандашов.«Биомедпрепарат» кәсіпорнындағы кездесу барысында жас ғалым Ринат Ханнанов Мемлекет басшысына «Болашақ» бағдарламасы үшін алғыс білдірді.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мыңдаған қазақстандықтарға сияқты қарапайым отбасынан шыққан маған да Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші деген университеттерінің бірінде білім алуға мүмкіндік туды. Мен М.Ломоносов атындағы ММУ бітірдім және маған артылған сенім үшін үлкен жауапкершілікті сезінемін. Сол ебепті оқуымды тәмамдаған соң өзіме жұмсалған шығынды бірнеше есе етіп қайтару үшін мен жұмысқа орналасуға тырыстым. Жолым болып, өзімнің қызметімді еліміздегі ерекше ұжымдардың бірінде бастауға мүмкіндік туды. Біз денсаулық сақтау саламыз үшін маңызды болып табылатын отандық имунды модельдеу препараттарын дайындаумен айналысамыз. Мұндай зерттеулер Қазақстанда Елбасы қамтамасыз еткен экономикалық өрлеудің арқасында мүмкін болды»,- деді Ринат Ханнанов.
РҚШ мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында Қазақстанға әйгілі «Родина» агрофирмасының ұжымымен де жиын өткізді.
«Мен мұнда ұзақ жылдардан бері сауыншы болып жұмыс істеп келемін, балаларды өсіріп, білім де бердік. Біздің ауылымыз өсіп-өркендеуде, сол себепті бұл жерде жастар да тұрақтап қалуда. Олар үлкендердің тәжірибесінен көп нәрселерді үйреніп, ауылды көтеруге атсалысуда. Біз елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерді біліп, сезініп отырмыз. Елде әлеуметтік бағдарламар сәтті жалғасып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл дегеніңіз тұрғындардың өмір сүру сапасы артып, қоғамда тұрақтылық сақталып отыр деген сөз»,-деді «Родина» агрофирмасы» ЖШС машинамен сауу операторы Галина Ковтун өзінің сөзінде.
Ақмола облысының тұрғындары РҚШ мүшелерін осы өңірдің барлық тұрғындары Президенттік сайлауда дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа беретіндіктеріне сендірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support