- Advertisement -

Аленаның «Дудар-айы»

91

- Advertisement -

№16 балабақшада халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, ұлттық тағамын, ұлттық киімін насихаттау мақсатында танымдық іс-шара өткізілді.

Аталмыш іс-шарада Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы тақырыбы да қамтылды. Берілген тапсырма бойынша ұжым үш ауылға бөлініп түрлі өнерлерін ортаға салды. «Достық» ауылы мемлекетіміздің көп ұлтты мемлекет екенін, тату-тәтті ғұмыр сүріп отырғандығын алуан көріністермен айшықтай түсті. Содан соң, «Дихан» ауылы кезек алып ауылдың атына заты сай еңбекшіл халық екенін көрсетіп, дәнді дақылдардан жасалынатын ұлттық тағамдарды дәріптеді. Үшінші ауыл атауы қазақ елін жаулардан найзаның ұшымен, білектің күшімен азат етіп, ұрпағының болашағы үшін жанын қиған қазақ батыры Наурызбайдың құрметіне қойылып, осыған орай тарихи көріністерден үзінді келтірді. Сонымен қатар, Қыдыр ата мен Ұмай ана ақ баталарын берді. Осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне №11 және 5 қазақ топтарының тәрбиешілері Бану Накипова мен Индира Иманбековалар белсенділік танытты.
Өзге ұлт өкілі Алена Головина қазақ тілінде «Дудар-ай» әнін әуелетіп, көрермен көңілін тебірентті. Іс-шара соңында балабақша меңгерушісі Динара Салқынбекова ұжымдастарына шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Ақ жол – Ақпарат».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support