- Advertisement -

Мыңарал цементімен мақтанамыз

113

- Advertisement -

38Мұртаза БҰЛҰТАЙ,

«Мыңарал Тас Компани» ЖШС директоры.

Облыс әкімінің есебіндегі дерек пен дәйекке көз жүгіртсек, былтыр өнеркәсіп кәсіпорындары 274,3 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Ал осы өсімнің даму динамикасын алып қарайтын болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,7 пайызға ұлғайыпты. Әрине, бұл – өте жақсы көрсеткіш.
Цемент – құрылыс саласындағы ең негізгі материалдың бірі. Сондықтан, құрылыс саласы дамып келе жатқан біздің облыста цемент зауытының болуы заңдылық. Қазір «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» Қазақстандағы цементке деген сұраныстың 15 пайызын қамтамасыз етуде. Мыңаралдағы цемент зауыты – Қазақстан Үкіметі мен Франция инвесторы сәтті жүзеге асырған үлкен инвестициялық жоба. Білікті мамандардың арқасында зауыт құрылысы аз ғана уақыттың ішінде аяқталды. Одан бөлек кәсіпорын қысқа мерзімде толық өндірістік қуатына шыға алды. Зауытты салуға франциялық инвестор «Викат» компаниясы атсалысты. Әлемге әйгілі ол компанияның бірнеше мемлекетте цемент зауыттары бар. «Викат» инвесторларға қолайлы жағдай жасалған елге ғана барады.
Сондықтан, Үкіметтің жасаған жағдайы мен Президентіміздің тікелей қадағалауының арқасында бүгінгі өндірістік қуаттылыққа қол жеткіздік. Мұндағы инвестициялық тартымдылық пен жұмыс істеуге қолайлы жағдай өндірісті бір мезет тоқтатпай өркендетуге мүмкіндік беріп отыр. Сол мүмкіндік «Жамбыл цемент» деген брендті қалыптастырды. Кәсіпорын былтыр 1 миллион 200 мың тоннадан астам цемент өндірді. Ал өндірістік қуаттылығы да 1 миллион 200 мың тонна. Шүкір, жоғарыда атап өткендей, өзіміздің брендті қалыптастырып, нәтижесінде Алматы, Астана қалалары бойынша тұрақты тұтынушылар таптық. Біздің мұндай жетістікке жетуімізге облыс басшылығының да қосқан үлесі қомақты. Сонымен қатар жұмыс ағымында туындап жатқан мәселелердің денін облыс әкімдігімен бірлесіп шешіп жатырмыз, бұл – инвесторға деген құрмет және қолқабыс. Енді біз өз тарапымыздан әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, Мойынқұм ауданындағы әлеуметтік жобаларды қолдап жатырмыз, жастардың білім алуына көмектесудеміз.
Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support