- Advertisement -

Дер кезіндегі ұсыныс

82

- Advertisement -

Ақпараттық техноло-гияның қарқынды дамыған уақытында қандай да бір жаңалықтың болсын жер-жерге жедел тарап жататыны бар. Оның үстіне елдің әлеуметтік- экономикалық даму барысына үнемі назар аударып жүретініміз жасырын емес. Соның пайдасы болар, міне, елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастама көтергенін естіп, біліп отырмыз.

Айту керек, өз басым бұл бастаманы ұтымды ұсыныс деп қабылдадым. «Осы бір күрделі жағдайда қазақстандықтарды біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына жиналуға шақырамыз. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайту маңызды. Бұл бастама іс жүзінде – баламасыз. Бұған қоса, келесі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлау бір уақытта келеді. Конституция нормаларын мүлтіксіз орындау мақсатында бұл сайлауларды әртүрлі уақытта өткізген жөн», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері. Бастамашыл топ әлемдегі күшейіп келе жатқан экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу республикаға «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді іске асыруға және ел дамуының ұзақмерзімді бастамаларын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр. Осы мәселе төңірегінде ел тағдыры үшін етжүрегі елжірейтін барша азаматтың терең ойланғаны дұрыс. Бұл таңдау татулық пен тұрақтылық орныққан елімізді тек қана табысқа бастайтындығына кәміл сенемін. Сондықтан мен де Қазақстан халқы Ассамблеясының батыл бастамасына қолдау білдіріп отырмын.

Нәсір РУСТАМОВ, 
еңбек ардагері, 
«Бахар» шаруа 
қожалығының төрағасы.

Жаңажол ауылы,
Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support