- Advertisement -

Жуалыда кәсіпкерлер орталығы ашылды

78

- Advertisement -

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
Мекеме «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Онда кәсіпкерлерге заңгерлік, бухгал-терлік, маркетингтік, кеден ісі, салық, ІТ және менеджмент салалары бойынша кеңестер беріліп, бизнес-жоспарлар жасауға, мемлекеттік органдардан қажетті құжаттар, шағын несие ұйымдары арқылы қаржы алуға қолдау көрсетілетін болады.
Орталық ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен бірлесіп ашылды.
-Аудан орталығында Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ашылуы – облысымызда шағын және орта бизнес саласын дамытуға мол мүмкіндіктер жасалып жатқандығының бір көрінісі,- деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошмамбетов өз сөзінде.
Биылғы жылы мұндай орталықтарды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support