- Advertisement -

Ел экономикасына салқынын тигізбейді

73

- Advertisement -

Дамыған Еуропа елдеріндегі қалыптасқан ахуал баршаға аян. Әлемдік қаржы дағдарысы ол жақтағы қарапайым отбасыларға да әсер етіп, жұмыссыздар саны күннен-күнге артып келеді. Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне тек қана жаңа жұмыс орындарының ашылмауы әсер етпейтіні белгілі. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек заңнамаларының сақталмауы да себеп болады.

Президенттің жұмыс орындарын сақтау туралы тапсырмасы бізге зор міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндетті орындау үшін еңбек заңнамаларының сақталуын бақылауды күшейту керек. Мәселен, біздің басқарма былтыр 284 облыс ұйымын тексеріп, нәтижесінде еңбек қатынастары сұрақтары бойынша 712 заң бұзушылықты анықтады.
Президент халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда тұрғындарды жұмыспен қамтудың маңызды екенін ұдайы айтып келеді. Ұлт көшбасшысының Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмасы – соның айғағы. «Жұмыс адамы үшін ең бастысы – өзінің жұмыс орнын сақтау. Мен мұны бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. Нәпақа табу үшін оны өзінің ерікті түрдегі келісімімен басқа жаққа жіберуге болады. Ондай жағдайда еш мәселе жоқ. Бірақ, мен барлық компаниялардың назарын аударғым келеді: егер өндірісті төмендетіп, адамдарды қысқартуға мәжбүр болсаңыздар, жұмыс орындарын сақтау қажет. Ол мүмкін басқа жұмыс істер. Адам үшін, оның отбасы үшін бұл барынша маңызды», – деді Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Әлемдік дағдарыс ел экономикасына салқынын тигізбейді. Өйткені, біздің дағдарысқа қарсы күрес жоспарымыз бар. Ол – Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы. Онда, ең бастысы, жаңа жұмыс орындарын ашу жолдары жан-жақты қарастырылған.

Серғали Айдапкелов,
облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support