- Advertisement -

АШЫҚ ШАБУЫЛҒА КӨШКЕН ҚАРАҚШЫЛАР

75

- Advertisement -

көп ұзамай қолға түсті

Облысық ІІД қызметкерлері озбырлықпен ашық түрде жасалған бірнеше қылмысқа қатысы бар 22 және 23 жастағы Тараз қаласының тұрғындарын құрықтады.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында сағат 04.30 шамасында Л. және Д. есімді күдіктілер алдын ала сөз байласып, облыс орталығындағы Д. Қонаев көшесіндегі дәріханаға басып кірген. Дәрі-дәрмек сатушыны қарумен қорқыту арқылы күш қолданып, кассадағы 50 мыңнан аса теңгені иеленбекші болған қарақшылар оқиға орнында ұсталды.
Оқиға болған жерге жеткен Тараз қаласы 3-ПБ жедел-тергеу тобы қолға түскен күдіктілерден алынған тапанша мен ақшаны айғақ ретінде іске тіркеді. Қарақшылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар қамаққа алынды. Тергеу барысында күдікті Л. және Д. бірігіп 24 қаңтар күні түнгі сағат 03.00 шамасында Тараз қаласы, Коммунальная көшесінде орналасқан дүкенге шабуыл жасап, сатушыға күш қолдану арқылы дүкеннің кассасынан ақша ұрлағаны әшкереленді. Күдіктілер аталған деректер бойынша жасаған қылмыстық әрекеттерін мойындады.
Қазір ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен екі қарақшының үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда және сотқа дейін тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support