- Advertisement -

Бюджет қаржысы қатаң бақыланады

105

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдарының Партиялық бақылау комиссиялары «Партия мүшелерінің ішкі партиялық тәртіпті сақтаудағы мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Оған сол комиссиялардың мүшелері қатысты. Семинарды партия облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асаубай Майлыбаев ашып, жүргізіп отырды. 

Семинарда Тараз қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Жақып Жексембиев өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, бір рет семинар-кеңес, үш рет комиссия отырысы өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен заң бұзушылық әрекеттері үшін бастауыш партия ұйымдарында есепте тұратын 12 партия мүшесінің іс-әрекеті қаралған. Сөйтіп, екеуі партия қатарынан шығарылса, біреуіне сөгіс, біреуіне ескерту, сегізіне алдын ала ескерту жасалған. Жақып Жексембиев комиссия жұмысын әлі де ширату керектігімен өзі де келіседі. Мәселен, ішкі партиялық тәртіпті сақтау, Жарғыға сәйкес қаралуын жетілдіру, жұмыс сапасына мән беріп, оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жағына көңіл бөлетін кез жетті. Сол себепті төрағаның айтуынша, биылғы жұмысты жоспарлау барысында өткен жылы анықталған кемшіліктер мен жаңа нұсқаулықтардың талаптары ескерілмек.
Партиялық бақылау комиссиясының негізгі жұмысы – партиялық тәртіптің сақталуын қадағалаудан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жасау және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша партия жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асаубай Майлыбаев Елбасы Жолдауында айтылған бюджет қаржысының әрбір тиынына қатаң бақылау болатындығы айтылғандығын, сондықтан партия да бұл жұмыстарға қатаң бақылау жасайтындығын атап өтті және партия жұмысына енжар қарамай, бойкүйездіктен арылып, жұмыла атсалысу керектігіне тоқталды. «Партиядан шыққан адам мемлекеттік қызметте қалмауы тиіс. Мұндай мәселені бюро алдына шығарып отырамыз», – деді ол. №28 «Южгеодезия» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ерлан Тоққұлиев өздерінің ұйымына алты мекеме кіретіндігін, алайда бастауыш партия ұйымының жиналысына қатысқысы келмейтін мекемелер де бар екендігін ортаға салды. Бастауыш партия ұйымдарының беделі өспей партияның да мәртебесі жоғарыламайтындығын айтқан Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мұндай мәселе орын алса, екінші рет жылы жауып қоя салмай, тиісті шара қолдану керектігін ескертті. Партияның жаңадан сайланған Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары Балжан Пернебекова енді партия жұмысын ширату шаралары қолға алынатындығына уәде берді. Семинарда комиссия мүшелері ой-пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салып, талқылады.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support