- Advertisement -

Жамбыл облысында дауыл тұрады — Қазгидромет

32

- Advertisement -

Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер әсер етіп, найзағаймен жаңбыр жауады. Жел күшейіп, оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді.

«Кеше Жамбыл облысы бойынша гидрологиялық дауыл туралы ескерту жарияланды. 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде», – деді ол.

Сондай-ақ спикер алдағы күндері еліміздің солтүстік-батыс, қиыр солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болатынын айтты.

Фото: Рыбинские известия

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support