- Advertisement -

Су зерттеуші ғалым

12

- Advertisement -

10 мамыр 1944 жылы, Шақпақ Баба ауылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Мінеки, 80-ге қадам басқан шағында ширақ, жасында аспирантура, Москва ТМД елдерінің қалаларын, еркін шарлаған, ғылым жолында халықаралық конференцияларға қатысқан талантты ғалым алшаң басып, болашақ ұрпағына білім беріп, ғылымды шыңдап келеді.

Әуелбек Кәрібайұлы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын 1971 жылы Гидротехникалық құрылыс мамандығын бітірді. Кандидаттық диссертациясын 1982 жылы Москвада, ал докторлықты 1998 жылы Тараз қаласында қорғады.

Әуелбек Кәрібайұлы Зәуірбек ағамыз жайлы әңгімелессек: байсалды, кең пейілді, ашық жүзді, өз ойын салмақпен жеткізетін Абыз бейнесінде білетін боламыз. Ұстаздың да ұстамы болады, үлкен ұстаз, білгір де, білімді, өз ісінің майталманы, табиғат берген өмірі еңбек пен білімді меңгеруге арналғандай.Өзінің ашық сөз саптауынан-ақ, дұрыс жауап беруің үшін – шешіміне дайын болуың керек.Әукең тәрбиелеген шәкірттерінің анықта, ұстамды, сезімтал болатыны – ұстаздың нақты ілімді сіңіре білуінде деп білеміз.

Біз қатарлас замандастары Әукеңді жақсы білеміз. Әрине, білімге деген құштарлығы, талдау жолдары, ізденуі, мәселені шешу бағыттары.

Әрине, бұл ұстаздың «Егемен Қазақстан» газетіне жазған мақаласы, су шаруашылығы мәселесін көтеріп, көңілдегі түйткілді ойлардың шешімін іздеді. Болшақтағы су мәселесінің өте күрделі кезеңдері күтіп тұрғанын ашып жазды. Мақалада су тапшылығын шешу жолдарын айтты, су қоймаларының жобасының әлі жоқтығына қиналды. Профессор Әуелбек Кәрібайұлы өмірді бүгінгі емес, болашақты ойлайтындығы. Нақты өмірге қажетті мәселелерді көтерді.Еліміздегі су тасқыны, қар суының көп елді мекенді басып қалуы, маман ойындағы әділ айтылған ойлармен дәл келіп тұр.

Біздің елге – су шаруашылығында осындай өткір де, ақылды, мәселені айтып, айқын көтеретін азаматтар керек. Профессор Ә.К.Зәуірбек ұстаздық еткен 60 жылдың аралығында жазып та, айтып та келді. Хабар да – ашық алаңда өзінің гидрология саласындағы тамаша ойлары әлі есімізде. Мінеки, су басып, есепсіз су болжамдар. Зерттеу жұмыстарының әлсіздігінен көп нәрседен кеш қалдық.

Техника ғылымдарының докторы, профессор өзінің айқын ойларын тек кітап жүзінде ғана емес, газет журналдарда, хабардың «Ашық алаң» бағдарламасында көп мәселелерді айта білді. Білімді оқып, меңгеру бір басқа. Ал, сол ілімді көпшілікке, оқырманға жеткізе білу – өз алдына ерекше. Ғалым, педагог, тамаша ұстаз профессор Әуелбек Кәрібайұлы білгенін соңғы нүктесіне дейін дәлелдеп жеткізудің шебері. Қазақстанда су мәселесін шешіп, өзінің ғылыми тұжырымдарын ашық айтатын профессор. Өзінің гидротехникалық құрылымдар жайында талай ой-пікірін жеткізетін адам.

Білгенге маржан – білмесең арзан,

Бүгінгі Әукең ғалым – маман.

50 жылдай су жолында ізденіп,

Су дегенде табиғатпен тілдескен.

 

Гидрология су жайында ілім ғой,

Суды ойласаң табиғатқа талап қой.

Өзен алабын қаласаңыз зерттеп шық,

Ғылым жолы тіршілікке қажет қой.

 

Әукең ойы баспаларда жазылды,

Докторлықты су жайында қорғады.

Табиғат берген санадағы түйсікпен,

Бұл бағытты тәуекелмен қолға алды.

 

Суды ойласаң, Әукең тұрар көңілде,

Нағыз ғалым келген екен өмірге.

Болашақтың бастаушысы, ұлы ұстаз,

Шарықтай бер қазағымның көгінде!

 

Су жайында бір қазақты көрсеңіз,

Біліміне терең бойлап сенсеңіз.

Ақиқатпен таза суды жазатын,

Ғалым болар – Әукең ғана, білсеңіз!

 

Б.Алимбаев, Ә.Сейітқазиев, А.Мұсаев, замандас профессорлар.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support