- Advertisement -

Аймақ басшысы ардагерлер және жастармен кездесті

29

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы бірқатар ардагер, зиялы қауым және белсенді жастардың өкілдерімен кездесті.

Жылы жүздесуде аймақ басшысы ауданның облыс орталығына жақын әрі халық тығыз орналасқан аймақ екенін айтып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша үлкен әлеуетке ие екендігін жеткізді.

Облыс әкімі жиында тәжірибесі мол аға буынның өнегесіне тоқталып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту, жұмыссыздық көлемін азайту мен олардың өз кәсіптерін ашу бойынша шараларды жандандыру керектігін баса айтты.

Көптің көкейінде жүрген «Әулиеата жастары» тұрғын-үй бағдарламасы қайта жүзеге асатындығын жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесуде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жастарды кәсіп бастау ісіне ынталандыру, «Ауыл аманаты» жобасына тарту жөнінде толғандырған мәселелерді тыңдады.

Аға буын өкілдері де орамды ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support