- Advertisement -

Ұлттық рухтың айнасы

9

- Advertisement -

Бүгінде өңіріміздегі бірқатар мектептерде оқушылар мектеп формасын бірыңғай ұлттық киімге ауыстырған. Бұл игі бастаманы білім ошақтарының өздері ұйымдастырған.

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Ару Датаеваның айтуынша, басқарма тарапынан мектептерге ұлттық киім кию жөнінде тапсырма берілмепті. Бұл шараға мектеп басшылығы мен мұғалімдер түрткі болып, ата-аналардың қолдауымен іске асқан.

«Мысырдың ерекшелігін білмей жатып, оның өнерін тану мүмкін емес»,–деген екен Американың жазушысы Джек Лондон. Ұлттық құндылығымыздың бағасын арттырып, оны насихаттауға атсалысқандардың қатарында Тараздағы Шалғай Қарасу алқабындағы №26 орта мектеп те бар.

Білім ошағының директоры Тарас Викторұлы «Отанымыз Қазақстан болғандықтан, ұлттық ерекшеліктеріміздің бір белгісі ретінде өскелең ұрпаққа үлгі болсын деп бұл шараны қолға алдық. Жастардың бойына елге деген патриоттық сезімді ұлттық киім арқылы да дарыту керек. Ал, ата-аналар тарапынан қолдау болмаса, әзірге қарсылық жоқ»,– дейді.

Сондай-ақ, Қордай ауданында да мектепте ұлттық киім кию үрдісі бұрыннан бар екен. Өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған бұл ауданда білім ошақтары ұлттық нақышта киім киюдің үлгісін көрсетіп жүр.

– Міржақып Дулатов, Әлия Молдағұлова, әл-Фараби, М.Лермонтов атындағы мектептер де білім алушылар ұлттық киімді бүгінде оқушы формасына айналдырған. Бұл бастаманың негізі – ұлттық киімді кию арқылы оқушыларымыздың Отанына, туған жеріне, қазақ халқына деген шексіз құрметін көрсету,–дейді Қордай ауданы білім бөлімінің оқу- әдістемелік кабинеттердің меңгерушісі Сәуле Амангелдіқызы.

Жыл өткен сайын бұл үрдіс өз жалғасын тауып отыр. Айта кетерлігі, ұлттық киімді тігуге ата-аналар демеушілік жасап, матасын алып беріп, оқушылар еңбек сабағында, үйірмелерде ұстаздарының көмегімен өздері тігуде. Көргенде көз қуанып, көңіл сүйсінетін көрініске ауыл тұрғындары да, оқушылар да, ұстаздар да дән риза.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support