- Advertisement -

Бәріне шүкір етіңіз!

24

- Advertisement -

Қазіргі таңда адамдардың кейбірі қанағатсыз, қатыгез болып барады. Ондай жүректерде мейірім, ізгілік, жылы шуақ бар деп айту қиын. Жалпы, біле-білгенге шүкір дейтін нәрсеміз көп. Алдымен Жаратушының он екі мүшемізді сау, саналы адам етіп жаратқанына сансыз шүкірлік айтсақ, артық емес.

Біз қазір кез келген у-шуды ашуланып қабылдайтын болғанбыз. Мәселен, көршілеріміздің кейде тарсылдатып, гүрсілдетіп жұмыс істеп жатқанына қабақ шытамыз. Бірақ, оған керісінше, қуанғанымыз жөн екен. Себебі, соны еститін құлағымыз бар. Күні бойы жұмыс істеп шаршаған денеңізге риза болыңыз. Өйткені, жұмыс істеуге қабілетіңіз жоғары. Таңертең шырылдап оятқан сағаттың қоңырауына қуаныңыз. Себебі, сіз тағы бір таңды аман-есен қарсы алдыңыз. Аулаңызды, үйіңізді таза ұстаудан ерінбеңіз. Кейбіреу сондай үйге де жете алмай жүр.

Пітір, садақа беріп, салық төлеген сәттерде қуаныңыз. Себебі, сіздің оған мүмкіндігіңіз бар. Күні-түні сіздің қабағыңызға қараған жарыңыздың барына риза болыңыз. Өйткені, ол басқа біреуге емес, сізге назарын аударып, шаңырағын бәрінен артық санап отыр.

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) жәннатттық болатыны әуел бастан белгілі болған. Жаратушы аян беріп, өз елшісін жәннатпен сүйіншілеп қойған. Бірақ, Алла елшісі сонда да тізесі ойылып, жара болып кеткенше намаз оқиды екен. Сонда жұбайы «Сіз онсыз да жәннаттық емессіз бе, неге жаныңызды қинап намаз оқи бересіз? Демалып алмайсыз ба?» – депті. Сонда Пайғамбарымыз «Оның рас, мен жәннатпен сүйіншілендім. Бірақ, жәннатты сыйлаған Аллаға шүкіршілік етіп, сәждеге бас қоймаймын ба?» – деген екен.

Пенде баласы өміріне қанағат етсе, айтатын шүкіршілігі де аз болмайды. Адамның әр шүкірі жақсы қадамдарға жол ашады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support