«Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» тақырыбында сұхбат кеші өтті

«Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» тақырыбында сұхбат кеші өтті
ашық дереккөз
«Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» тақырыбында сұхбат кеші өтті
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Журналистика - төртінші билік» кітапханалық жоба аясында «Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» тақырыбында сұхбат кешін ұйымдастырды. Кешке арнайы ақпарат саласының үздігі, ардагер журналист Ақылжан Мамытов, "Ақ жол" газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, осы газеттің бас редакторы, ақын, журналист Хамит Есаман шақырылды. Кеш қонақтары қазақ журналистикасының мықты мектебінің біріне айналған басылымның тарихына тереңнен тоқталып, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «AQ JOL» газетінің осы күнге дейінгі естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңы қиын да қызықты салада жас маман ең алдымен көп оқып, көп білім алуды, ақпаратты дәлме-дәл, қатесіз, шындықты халыққа жеткізу керек екенін, ғаламтордағы мән-мағынасыз жалған ақпаратқа көз жүгірте бермеу қажет екені жайлы жастар, студентер осы маман иелерінен кеңестер алып, өзге де сауалдарына жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар