- Advertisement -

Ауыл тұрғындарына қолдау бар

15

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов баяндама жасады.

Қостөбе ауылдық округінің аумағы 4755,0 гектарды құрайды. Онда жалпы 7241 адам тұрады.

Сондай-ақ, ауыл әкімі Талас, Қостөбе ауылдары мен Талас станциясы тұрғындарының әлеуетін көтеруге арналған іс-шараларға тоқталды.

– Былтыр арнайы әлеуметтік көмек алатын 6 отбасына 1 миллион 282 мың теңге тағайындалып, оларға толығымен берілді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша грантқа 3 адам өтінім беріп, олар 23 миллион 460 мың теңге алды. Әлеуметтік жұмыс орнына 10 адам, алғашқы жұмыс орнына 4 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 36 адам қамтылып, «Жастар тәжірибесі» мен «Күміс жас» бағдарламасы аясында 8 адам еңбек етуде, – деді Нұрғали Серікұлы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 3006 гектар. Оның 1664-і суармалы, 1190-ы жайылымдық жерлерге тиесілі. Округте барлығы 4755 гектар егістік жер бар. Өткен жылы 196 шаруа қожалығы тіркелген. Бүгінде олар осы жерлерде егін және мал шаруашылығымен айналысуда.

Былтыр 100 гектарға күздік бидай, 310 гектарға арпа, жүгері егілсе, оның 1251 гектары картоп, қант қызылшасы, көкөніс, бақша, жаңа жоңышқа, ескі жоңышқа өнімдері. Ауыл әкімі өз сөзінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін де жеткізді.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support