- Advertisement -

Іскер әйелдерге құрмет

25

- Advertisement -

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті. Басқосуды құттықтаумен бастаған өңір басшысы кәсіпкер қыз- келіншектердің өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жүргендерін айтты.

– Бүгінде нәзікжандылардың жетекшілігімен жүзеге асқан кәсіпкерлік ер азаматтардың ісінен кем түспейді . Облысымызда жүз мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны болса, солардың 42 пайызын әйелдер басқарып отыр. Онда 46 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жергілікті атқарушы органдарда да нәзікжандылар ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүр, – деген Ербол Шырақпайұлы кәсіпкер әйелдерді ойларын ортаға салып, көкейдегі мәселелерін бірге талқылауға шақырды.

«Ат амекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевтың айтуынша, палатаның жанынан іскер әйелдер кеңесі 2015 жылы құрылған. Бұл кеңе стің филиалдары әр ауданда бар. Олар негізінен жаңадан жеке кәсіп бастауға ниетті қыз-келіншектерге көмектесіп, бағыт көрсетеді. Өткен жылы палатадан әйел кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылған. Онда кәсіпкерлікке енді қадам басқан азаматша ларға бизнес жоспар жасап, кеңес беріледі.

– 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен де біздің іскер әйелдер біраз жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда 50-ге жуық әйел кәсіпкер осы бағытпен жұмыс істеуде. Осы мақсатта «Мен кәсіпкермін» деген құрал қолданылып, ол бойынша палата 274 қызмет көрсеткен. 672 әйел 398 консультация алды. Әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрс ету үшін палата М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен меморандумға отырып, өндірілген өнімдерді ғылыми түрде дамытып, стандарттау-сертификаттау департаменті мен рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тағы айта кетерлік іс – үлкен өнеркәсіптердің жанынан кішігірім өндірістер ұйымдастырылуда. Мысалы, «Тараз былғары аяқ киім» кәсіпорнымен меморандумға қол қойылып, сол жерге әйелдердің жеңіл өнеркәсібін, яғни тігіншілікті жұмылдырдық. «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен ауылдарда әйел кәсіпкерлер шағын істерін бастады, – деді Еркін Садуахасұлы.

Сұхбаттасумен жалғасқан басқосуда іскер әйелдер туризм саласын, қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық техника өндірісін, жиһаз кәсіпкерлігін дамытуға қолбайлау болған мәселелерді айтты. Соның ішінде «Жадыра» шаруа қожалығының иесі, «Атамұра» қысқа мерзімді оқыту орталығының басшысы Гүлнар Дәулетбаева мал шаруашылығын дамытуда малшы табудың қиындығын алға тартты.

– Малшылық халқымызда ежелден бар шаруашылық. Одан азық- түлікпен қоса киім-кешек, түрлі үй жабдықтарын да дайындап ала аламыз. Осыдан-ақ бұл шаруашылықтың маңыздылығын аңғаруға болады. Жоғары оқу орындарында механик, техник, мал дәрігерлері оқытылады, бірақ «малшы», «шопан» деген маман жоқ. Ет, сүт өнімдерін малдан алып, экспортқа шығарамыз. Ал, соның бәрінің бастауы болатын малшы мен шопан жайлы айтылмайды. Ауыл шаруашылығы саласында малшыларға мән берілуі тиіс. Малшының еңбегін ескеру, қажетті қолдаулармен қамтамасыз ету, марапаттау естен шығып барады. Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтың иесін ғана білеміз, ал малды бағатын адам ескерусіз қала береді. Мысалы, шаруа қожалық иелері үшін малшы табу қиынның қиыны болып тұр. 2019 жылы «Атамұра» қысқа мерзімді оқыту орталығын аштым. Ол жерде жылдам және қолдан ұрықтандыру операторы маманын дайындаймын деп шешкенмін. Бірақ, Байзақ аудандық Мансап орталығынан үш жыл бойы ешқандай студенттерді ала алмадық. Дегенмен, биыл жұмыс берушілермен кездесіп, нәтижесінде мол сұранысқа қол жеткізіп отырмыз. Еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болып отырған мамандық иелерін дайындау өзекті мәселе деп ойлаймын, – деп малшылық мамандығына назар аударудағы өзінің бірнеше ұсыныстарын айтты.

Ал, Анар Әбдіманапқызы өзі Америка Құрама Штатында тұрып, еңбек етіп, сол жаққа қазақтың ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын апарғанда, ондағы халықтан қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарына сұраныс жоғары екенін, жергілікті шеберлеріміздің өнімдерін шетелге апарып, танытуға қолдау қажет екенін жеткізді.

– Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қа ла ларының қат арына кірген болатын. 2023 жылы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова бастап, облысымыздан жиырмадан аса кәсіпкер қыздар жамбылдық қолөнершілердің бұйымдарын алып, ешқандай қолдаусыз, өз қаржыларымен Америкаға барған едік. Америкалықтардың қабылдаулары өте жоғары болды. Олар сәнді әрі экоөнімге сүйсінді. Алдымен, Техас штатының Хьюстон қаласында өткен Наурыз мерекесіне қатыстық. Оған тек қазақтар емес, сол жақтағы бүкіл түркітілдес халықтар жиналды. Үлкен жәрмеңке өткізілді. Осыдан кейін басқа да штаттардан, өзге мемлекеттерден сұраныс көптеп түсуде. Бір ғана мәселе – шетелге ұлтымызды таныстыратын, сол арқылы облысымызға туристерді қызықтыра тартатын іс-шара ұйымдастырылғанда, бір ресми хатқа қолымыз жетпеді. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың өзі қиынға соқты, – деп Анар Үмбетова түйткілді мәселелерді жасырмады.

Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдарын Қытай еліне жеткізуге жол ашқан меморандум жасалғанын жиһаз өндіруші кәсіпкер Гүлсім Елешова хабарлады. Оның айтуынша, қолөнершілер, жиһаз өндірушілер, ауылшаруашылық өндірушілерінің ассоциациясы меморандум жасасқан.

Ел экономикасын дамытуға септігі мол жобалар талқыланған басқосудың маңыздылығын ескерген Ербол Шырақпайұлы келесіде кәсіпкер қыздармен кездесуді 8 наурызды күтпей, 8 шілдеде өткізуді ұсынып, барлығы осы шешімге тоқтады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әкімшілік аппаратына осы отырыста қозғалған мәселелерді хаттап, шешімін табу тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысында бірқатар кәсіпкер арулар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңы ізгі тілектер лебізімен аяқталды.

 

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support