- Advertisement -

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

20

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Байзақ, Жамбыл аудандарынан жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Атап айтсақ, олар көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support