- Advertisement -

Тиімді оқыту тәсілдерінің тәжірибесі мол

29

- Advertisement -

Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың базасында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының арнайы мамандарымен «Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларды тиімді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік семинар барысында көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оқыту процестері ұйымдастырылды. Олармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдістәсілдері, көрмейтін және көру қабілеті зақымдалған балаларға Брайль алфавиті мен оқытудың, үйретудің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, №2 «Болашақ» арнайы мектепинтернатының түзету пәнінің педагогтері көру қабілеті бұзылған балаларға қағаз бетінде бағдарлаудың сан алуан түрімен бөлісті. Сондай-ақ, мимика және пантамимика сабағында қолданылатын жаттығулардың түрлері және түзетедамыту жұмыстары қалай жүргізілетінін баяндап берді.

1978 жылы «Бозторғай» балабақшасы болып құрылып, 1995 жылдан бастап «Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» болып өзгертілген білім ошағында бүгінде 100 оқушы білім алады. Оқушылардың көпшілігі әлеуметтіктұрмыстық жағдайы төмен отбасынан шыққан және мүгедектігі бар.

Бүгінде интернаттағы ерекше балаларға қажетті барлық жағдай жасалып, ішінара киімдермен және оқулықтармен толық қамтылған. Мекеменің материалдықтехникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Балаларға дәрігерлік және арнайы мамандардың жан-жақты көмегі көрсетіледі. Мекемеде 68 педагогикалық қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде барлық педагог біліктілігін көтеру курстарында білімін жетілдірген.

Мектеп-интернатта ұжымның қоғамдастығын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу мен қолдануды дағдыға айналдыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Семинар барысында арнайы интернаттың қызметкерлері әлеуметтіктұрмыстық бейімделу мен сөйлеу тілін дамыту және оқу дағдыларын меңгерудегі тиімді әдістері туралы шеберлік сыныптарын көрсетіп, тәжірибелерін ортаға салды.

Жалпы білім беретін мектептердегі көруінде бұзылыстары бар балалардың ауызша байланыстырып, сөйлеуін қалыптастыру бойынша коррекциялықдамытушы оқытудың принциптері, өз бетінше және нәтижелі жұмыс істеуді үйретудегі әдіс-тәсілдерін пайдаланудың
маңыздылығы түсіндіріліп, ақпараттықәдістемелік көмек көрсетілді.

– «Болашақ» мектеп-интернатында балалар түрлі үйірмелерге, яғни домбыра, тоғызқұмалақ, шахмат, қолөнер, вокал, хореографияға қатысады. Жыл сайын өткізілетін республикалық және облыстық байқаулар мен жарыстарға қатысқан оқушылар жүлделі орындарды иеленіп келеді. Көру қабілеті нашар балаларға қолдау көрсетіп, оларға тәлім-тәрбие беру барысында педагогтер жаттығулардың түрлері және түзетедамыту жұмыстарын жүргізеді. Сол еңбектерімізді тәжірибелік семинарда баяндап, ерекше балаларды тиімді оқыту тәсілдерімен бөлістік, – деді №2 «Болашақ» арнайы мектепинтернатының дефектологы Айжан Калиакперова.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support