- Advertisement -

Донор болу – денсаулықты жақсартады

32

- Advertisement -

Жамбыл облысында ерікті қан донорлығын дамыту туралы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір үшінші адам өмір сүру кезінде қан құрамдарын қабылдауға мәжбүр болады екен. Сондықтан донор болу үлкен құрмет. Ашығын айта кету керек, қан шүмектен ақпайды, дәріханаларда сатылмайды, ол тек қан орталықтарында адамдардан алынады. Өз қанын жасы 18-ге толған әрбір азамат тапсыра алады.

Қан тапсыру жүрек ұстамасы мен инфаркттің болу қаупін төмендетеді. Донорларға жүргізілген тәжірибелерде қан тапсырған адамның қанында холестерин азайып, сол себепті жүрек, тамыр жүйесі ауруларын алдын ала сақтауға болатындығы дәлелденген.

Сонымен қатар, ғалымдар қан тапсыру бауыр, асқазан, ішек- қарын және өкпе ісігі (рак) ауруларының алдын алатынын дәлелдеген. Тағы да бір айта кететін нәрсе, барлық донорлар қан тапсыру алдында тегін тексеруден өтеді. Дәрігердің қарауымен олардың қан қысымы, қан тамырлары соғу жиілігі, дене қызуы, бойы мен салмағы өлшенеді. Қанның құрамындағы гемоглобин, АЛТ, қанның тобы мен резус тәуелділігі анықталып, толық тексеруден өткеннен кейін ғана оларға қандарын тапсыруға рұқсат беріледі.

Қан арқылы берілетін түрлі жұқпалы ауруларға, атап айтқанда, гепатиттер, ВИЧ, мерезге тексерулер жургізіледі. Қан тапсырғаннан соң адамның дене мүшелері жоғалтқан қанның мөлшерін толықтыру үшін қатты жұмыс жасай бастайды. Осындай организм әрекеті донордың денсаулығын нығайтады.

Елімізде ерікті түрде қанын тапсырған донор қан тапсырған күні орташа еңбекақысы сақталатын демалыс алады және қан тапсырғаннан соң тағы да бір күн еңбекақысы сақталатын демалыс алуға немесе өз таңдауы бойынша жылдық демалысына тағы бір күн қосып алуына болады. Сондықтан қандарын тапсырғаннан соң қан орталығынан берілетін анықтаманы жоғалтпаған дұрыс.

Осындай демалыстарды әрбір қан тапсырғаннан соң пайдалануға болады, жылына үш-төрт реттен қан тапсырғандар, сонша күн демалуға құқықтары бар. Қан донорлығы оның денсаулығына ешбір кері әсерін тигізбейді. Қан тапсыру кезіндегі барлық қолданатын құрал-жабдықтар тек, бір рет қана қолданылады. Оларды қолданғаннан соң олар түгел дерлік жойылады.

Бұл жұқпалы аурулардың болуын 100 пайыз жоққа шығарады. Қан тапсырғаннан кейін аздап бас айналса, көзі қарауытып, құсқысы келсе, донор шалқасынан жатып, аяғын көтеріп жатып, нашатыр спиртімен дем алса, ол белгілер тез арада қайтып кетеді. Сонымен қатар, ине салған жерде пайда болатын кішкене көгерген гематома ұлғайып кетпеуі үшін, біздің қызметкерлер байлап беретін таңғышты екі-үш сағатсыз шешпеу керек, сонда ол жерде ешбір ыңғайсыздық байқалмайды. Әр донор 450 мл.қан тапсырады оны стандарттық доза дейді. Сол берген қанның орны 4-5 аптаның ішінде толықтай қалпына келеді.

 

Гулам УМАРОВ,

облыстық қан орталығының директоры.

Бақберді КЕЗЕМБАЕВ,

облыстық қан орталығының дәрігер-трансфузиологы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support