- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

16

- Advertisement -

Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Байзақ, Сарысу аудандарынан келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Қабылдауда «Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының» мүшесі Дәурен Ізтілеуов ардагерлерге жер, шипажай, госпиталь ашу мәселесін көтерді.

Басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грант және басқа да мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support