- Advertisement -

Сапалы білім негізі

20

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Маркетинг және кәсіптік бағдарлау басқармасы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысын сапалы ұйымдастыру» атты семинар өткізілді.

Білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, жауапты әдіскерлер мен мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген облыстық семинарға ұйым басшылары мен 200- ден аса кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты педагогтар қатысты.

Іс-шараның басты бағыты – білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімді әдістерін қолдануды ұйымдастыру, инновациялық тәжірибе жинақтауға ықпал ету, қатысушылардың кәсіби, тұлғалық шеберлігін жетілдіру, лайықты маман даярлаудың тиімді жолдарын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемелік көмек көрсетуде нәтижеге қол жеткізу.

Семинарды аталған университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры міндетін атқарушы Сауле Алимбаева құттықтау сөзімен ашты.

Ол, өз сөзінде көп жағдайда мамандарды даярлау сапасы орта мектептегі білім беруге, яғни, бірінші курсқа қабылданатын студенттерге байланысты екенін айтты.

– Мектеп оқушылары мен ата- аналарына экономика салаларында белгілі бір мамандықтарға сұраныс пен еңбек нарығы туралы объективті және толық ақпараттар қолжетімді емес. Сол себепті, болашақ мамандықты таңдау мектеп түлектерінің көпшілігіне қиынға соғады, – дейді Сәуле Құрмантайқызы.

Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу өте маңызды екенін, бұған барлық тараптар, соның ішінде жоғары оқу орындары да қызығушылық танытуы керектігін, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған семинар жұмысына сәттілік тілейтінін жеткізді.

Жиын барысында Б.Момышұлы №45 қазақ классикалық гимназиясы директорының орынбасары Насихат Тұрысбекова мен кәсіптік бағдар беруші педагогі Ұлбике Тауасарова және №4 мектеп-лицейі директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Әлия Әбдіғапарова, №23 орта мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогі Әлия Сопбекова баяндама жасады.

Педагогтардың жан-жақты білімін жетілдіріп, тәжірибелерін ұштауға арналған семинар қатысушыларға оң әсер етіп, олардың кәсіби шеберліктерінің артуына үлкен септігін тигізетіндігі анық.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support