- Advertisement -

Шетелдік университеттің филиалы ашылады

27

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ өкілдігінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков, Дулати университеті ректорының міндетін атқарушы Шолпан Есімова, РХТУ ректорының міндетін атқарушы Илья Воротынцев, «Қазфо с фат» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Болатханов қатысты. Тараптар білім саласындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқт алып, бірлесіп атқарылған жұмыстар туралы талқылады.

Ат а лмыш жоба елімізде білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске асырылып отыр. Бұған дейін де Мемлекет басшысы 2022 жылғы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында шетелдік университеттермен берік қатынас орната отырып, техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарының филиалын елімізде ашу қажеттігін айтқан болатын.

Бұл туралы Президент «2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға деген құштарлық уақыты өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлердің, өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру керек», – деп білім саласының болашағы туралы өз пікірін білдірген еді.

Сала бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісім шеңберіндегі жұмыстар атқарылып, қос диплом бағдарламаларын іске асыру өткен жылдың жетістігі болды. Жоба қатысушылары – Дулати және Менделеев университеттері студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзара тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырып, бағдарлама негізінде өңірдің бас өндіріс орталығы «Қазфосфат» ЖШС жұмыс беруші ретінде танылған болатын.

Бірлескен білім беру бастамасы бойынша болашақ химик-технологтар алғашқы 2 курсты Таразда Дулати университетінде, үшінші курсты Ресейде оқиды. Ал төртінші курста Таразға оралып, оқумен қатар «Қазфосфат» кәсіпорындарында жұмыс істейтін болады.

Бүгінде жоба аясында осы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап Дулати университетінің 7 студенті Мәскеуде Менделеев университетінің 3-курсында сәтті оқып жатыр.

Химиктер мен инженер-технолог мамандарды дайындауға бағытталған ынтымақтастықты іске асыру бағытындағы істер алдағы уақытта да жүзеге аса бермек. 2024 жылы осы міндеттер аясында химия өнеркәсібінің салалық қажеттіліктерін өтеп, ғылыми-технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау жүйе сін халықаралық ст андартт ары негізінде дамыту көзделген. Сондай-ақ, химия және химиялық технология саласында көшбасшылардың бірі болып табылатын Д. И. Менделеев атындағы РХТУ филиа лын қаламызда ашу – алдағы уақыттағы межелі мақсаттардың бірі. Бұл өңірде химия өнеркәсібін дамытуға жол ашатын бастамалардың бірі болатыны сөзсіз.

Жиын соңында ресейлік тарап алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісінде университет басшылығына табыстар тілеп, арнайы естелік сыйлығын табыстап, сенім білдірді.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support