- Advertisement -

Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Қордай ауданындағы №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

25

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Қордай ауданындағы №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Қордай ауданындағы №19 балалар–жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылдық округі, Қордай ауылы, Орталық көшесі, 21А үй.

Мекеме қызметінің негізгі бағыты: мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы оқушылардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту. Ұлттық Спорт түрлері бойынша (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, топ бәйге, құнан бәйге, тай жарыс, жорға жарыс, ұшқыр бәйге, асық ату, құсбегілік, қазақ күресі, тоғыз құмалақ) жоғарғы дәрежелі спортшыларды дайындау және т.б.

Функционалдық міндеттері: Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, мекеменің мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Мекеменің саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды. Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен мекеме қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды. Басқармаға мекеменің әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады. Ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздіктерінің сақталуына жауап береді. Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарлары бойынша жиынтық жоспарының құрылуына және оның орындалуына басшылық жасайды. Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізеді. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады; білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді және т.б.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; педагогика, психология және физиология негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекенжайға: 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72, «Жамбыл облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 9-қабат, №911 кабинет, тел.: 8726 (2) 45-59-52; электрондық пошта: zhsport@mail.kz ұсынады:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Еңбекақы көлемі мен шарттары: Еңбекке ақы төлеудің мөлшері мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72 (9 қабат 920 кабинет), Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support