Ауыл халқының алғысы

Ауыл халқының алғысы
ашық дереккөз
Ауыл халқының алғысы
Құрметті «Aq-jol» газетінің ұжымы! Сіздерге Меркі ауданы тұрғындарының атынан хат жолдаймыз. Бұл елді мекенде көгілдір отын қысы, жазы өшкен емес. Ауыл халқы осы отынның рахатын көріп келеді. Елу жылдан бері үйімізден жылу арылған жоқ. 30-40 градустық аяздарда да тоңбадық. Үлкен ата-әжелеріміз бен жас балаларымыз жаурайды деген көңілімізде алаңдаушылық болған жоқ. Сондықтан жылу жүйесінің мамандарына мың алғыс айтамыз. Көгілдір отынға жауапты қызметкерлер күннің ыстығы мен суығына қарамай осы салада еңбек етіп жүр. «Меркі газ шаруашылығының» директоры Тұрлығали Дуанбековке және инженері Шавкат Ахметжанов пен менеджері Азат Алихановтарға, сондай-ақ саланың барлық жұмысшыларына меркіліктердің разылығы шексіз. Редакция ұжымы біздің Меркі халқының атынан жолданған алғыс сәлемімізді газ шаруашылығының мамандарына жеткізулеріңізді өтінеміз.  

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,

Меркі ауданы

Ұқсас жаңалықтар