- Advertisement -

Жан жадыратқан жаңалық!

26

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жариялаған Жолдауында: «Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқуымен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау –мемлекеттің мойнындағы борышы», – деп атап көрсеткен болатын. Осындай қамқорлықты жамбылдықтар да сезінуде.

Тараз қаласы білім бөлімінің №6 орта мектебінде 1 мыңнан астам оқушы білім алады. Мектепке заман талабына сай спорт залы қажет еді. Былтыр мамыр айында облыс бюджетінен 358 миллион 389,3 мың теңге бөлініп, мектеп ғимаратына жапсарлас спорт залының құрылысы басталып кеткен болатын. Жақында аталған нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Аталған спорт залдың ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз сөйлеп, жиналғандарды жаңа ашылған спорт залдың ашылуымен құттықтады.

Барлық заманауи спорт жабдықтарымен қамтылған нысанның ашылуына облыстық мәслихаттың депутаты Андрей Савченко, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Жұманқұлов та қатысты. Іс-шара барысында №6 орта мектебінің белсенді ата-анасы Дина Азимханқызы салтанатты түрде спорт зал ғимаратының лентасын қиды. «Мұндай спорт залына мыңнан аса бала оқитын білім ошағы зәру болатын. Балаларға жасаған қамқорлықтары үшін Мемлекет басшысына, облыс және қала басшыларына алғыс айтамыз. Балаларымыздың қуанышында шек жоқ», – дейді ата-ана Бейсен Атамбаев.

Ал, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова: «Бұл өзі біраз жылдан бері айтылып жүрген мәселе. Соның сәті келіп, оқушылар қуанышқа кенеліп жатыр. Енді бұл мектептен де чемпиондар шыға беретініне сенемін. Бұл ғимарат құрылысын жүргізуге қаржы бөлуді қолдаған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына, құрылысын жүргізген азаматтарға алғысымды білдіремін. Спорт залы жаңарған мектептің білім сапасы да арта берсе деген тілегім бар», – деді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support