- Advertisement -

24 шақырымдық жауынгерлік жорық

23

- Advertisement -

Таразда Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері жыл басында 24 шақырымдық жарыс өткізді. Осылайша, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мотоатқыштары «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері мен астаналық арнайы жасақ бригадасының әскери қызметшілері жариялаған әскери эстафетаны салтанатты түрде қабыл алып, абыроймен еңсеріп өтті.

24 шақырымдық жарысқа 5-механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілерінің колоннасын бригаданың штаб бастығы, подполковник Арман Сабыров, бригада сержанттары, бөлімше командирлерінің орынбасарлары бастап келді. Осы арқылы басшылар әскери қызметкерлердің рухын арттырып, үлгі көрсетіп, үлкен әскери ұжымның ұйымшылдығын көрсетті.

Жауынгерлік салтанатты шеруге механикаландырылған бригаданың офицерлері мен келісімшарт бойынша сарбаздары ғана емес, әскерге шақырылған сарбаздар да қатысты. Іс-шараға әскери салада ерлермен бірге еңбек етіп жүрген нәзікжандылар да атсалысты. Олардың барлығы басқа жауынгерлік бригадалардағы әріптестеріне лайықты жауап беруге, әскери қызметкерлердің имиджін қолдауға бағытталған шақыруға белсенділік көрсетуге ынта таныта білді.

Сарбаздар жарыстың жеңісті жорығын Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен даңқты батыр Рахымжан Қошқарбаевтың, қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлының рухына арнады.

– Біз аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының есімін әрқашан жүрегімізде сақтаймыз, өйткені біздің бригада оның есімімен аталады, сондықтан даңқты қолбасшының және оның қандыкөйлек жолдасы Рахымжан Қошқарбаев секілді ұлы дала перзенттерінің құрметіне жарыс өткізуді ұйғардық, – деп атап өтті 5-механикаландырылған бригаданың штаб бастығы, подполковник Арман Сабыров.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамында Бауыржан Момышұлы атындағы бесінші механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері 24 шақырым қашықтықты өз еркімен бірінші болып бағындырды. Эстафетаға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Гвардиялық гарнизоны танк бригадасының әскери қызметшілері шығуға ниет білдірген болатын.

«Ал Құрлық әскерлерінің ауқымында біз спорттық сайысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне тапсырып жатырмыз. Олар эстафетаны абыроймен қабылдап, біз сияқты толық жауынгерлік киіммен қазақтың атақты әскери басшыларының құрметіне 24 шақырымдық еріксіз марш жасайтынына сенімдіміз», – дейді Б.Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың 1-санатты сержанты Бақытжан Айтбаев.

 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support