- Advertisement -

Тұлға рухына тағзым

33

- Advertisement -

Дінмұхамед Қонаев секілді біртуар тұлғаның кең- байтақ қазақ елінің дамуына сіңірген еңбегі өлшеусіз екені баршаға белгілі. Уақыт өткен сайын оның ерен еңбектері ерекше көрініп, жұрт жадында жаңғырып келеді. Қайраткердің адалдығы мен адамгершілігі, биік парасаты мен даналығы, кісілігі мен кішілігі – бәрімізге үлгі. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақ тұла бойы тазалықтан жаралған, даналықтан нәр алған асқақ тұлғаны айрықша мақтан тұтады.

Дінмұхамед Ахметұлының туған күніне орай, Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Дара тұлғаның ескерткішіне алдымен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған зиялы қауым өкілдері тағзым етті.

Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Д.А.Қонаев халықаралық қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы Қибат Асқарбеков бастаған ақсақалдар мен әжелер, қоғамдық және саяси ұйымдардың мүшелері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының ғалым, профессорлары мен оқытушылары, студенттері қазақтың біртуар перзентіне құрмет көрсетті. Сонымен қатар, қаланың қарапайым тұрғындарының да арнайы келіп гүл қойған ықылас- пейілін де байқадық.

Осылайша, облыс жұртшылығы дана перзентін тебірене еске алды. Ал, біздің жүрегі ел деп соққан, қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен тұлға – Дінмұхамед Қонаевқа деген халықтың құрметі толассыз жалғаса беретініне көзіміз жетті.

 

Есет ДОСАЛЫ

Суретті түсірген Юрий КИМ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support