- Advertisement -

Әулиеатада әжелер клубы құрылды

75

- Advertisement -

Жастарды ұмытылған салт-дәстүрлермен таныстыру, ұлттық қолөнерді, әдеби шығармалардағы әже образын насихаттау, балаларға ертегі оқып беру арқылы әженің бала өміріндегі рөлін анықтау мақсатында «Зере» әжелер клубы құрылды.

Жас ұрпаққа үлгі-өнеге берер әжелер мектебін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрдің озық үлгілерін болашақ ұрпаққа аманат ету, қоғамдағы үлгілі ана болмысын айшықтау мақсатында құрылған әжелер клубы облыс орталығындағы ақ жаулықты аналардың басын бір арнаға тоғыстырып, тағылым дариясына жастардың санасын суару негізінде жұмысын бастап отыр.

– Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жастар ғаламтор ғасырында тәрбиеленіп жатыр. Тіпті, ақ жаулықты аналар арасында бір шумақ жыр, бір ертегі білмейтіндер де аз емес. Бұл тұста аналарды да біржақты кінәлауға болмайды. Себебі, қазір сананы тұрмыс билеген заман. Арамызда зейнетке шықса да жұмыс істеп, бала-шаға, немерелердің қамымен жүрген кісілер бар. Осы орайда біз сондай аналардың басын қосып, бағыт- бағдар беруді мақсат етіп отырмыз. Әрбір әже өз немересіне білгенін үйретіп, ертегі, ауыз әдебиетімен тәрбие беруі тиіс. Өз үйінде, тал бесігінде тәрбие алмаған ұрпақты ешқандай балабақша, университет те тәрбиелей алмайды. Сондықтан, бұл клуб саналы ұрпақтың даналыққа баспалдағы болады деген сенімдемін, – дейді клуб белсендісі Жанат Ауелева.

Клуб жоспарына сәйкес, «Абай жолы» романындағы Зере образы бойынша талқылау, «Халқын сүйген, салтын сүйер» этносағат, «Менің әжем» атты бейнеколлаж, құрақ құрау өнері бойынша «Он саусағынан бал тамған» шеберлік сағаты, сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы әже образы бойынша әдеби портрет өткізілді.

Аталған клубтың қорытынды іс-шарасы–Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы әже образы бойынша өткізілген әдеби портрет болды. Игі шаралар легі жаңа жылда еселеп жалғаспақ.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support