- Advertisement -

Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін – 113 жыл

79

- Advertisement -

Қазақтың қайсар ұлдарының бірі, Екінші дүниежүзілік соғыста асқан ерлігімен ел есінде қалған, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін – 113 жыл.

Баһадүр бабаларымыздың жалғасындай болған Бауыржан атамыз ел мен жерге қызмет етудің, отанға қорған болудың қайталанбас үлгісін таныта білді.

Оның ғұмыр жолы, азаматтық ұстанымы бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі-өнегеге толы.

«Отан үшін отқа түс – күймейсің», «Тәртіпке бас иген – құл болмайды, Тәртіпсіз ел болмайды», «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба»,-деген секілді Баукеңнен қалған көптеген нақыл сөздер бүгінде ұранымызға айнала білді. 

Бауыржан Момышұлын тек жамбылдықтар ғана емес, барша қазақстандықтар мақтаныш тұтады. Облысымыздағы 7 мектеп, 1 ауылдық округ, 1 елді мекен, 44 көше, 1 саябақ, 1 стадионға батырдың есімі берілген.

Қаһарманға деген құрмет ешқашан толастамайды. Батыр бабымыздың ұлағатын ұлықтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – біздің негізгі мерейлі міндеттеріміздің бірі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support