- Advertisement -

Тәуелсіздік — тәу етер құндылық

49

- Advertisement -

Ұлт үшін Тәуелсіздік күнінің маңызы ерекше. Айтулы күні өңірімізде де бірқатар іс-шаралар өтті. Мереке күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл қою рәсіміне қатысты.

Өңір басшысы Ербол Шырақпайұлы аймақтың белсенді ардагерлерімен бірге аталған монументке гүл шоқтарын қойып, азаттық жолында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым етті. Мұнан соң қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, Тараз қаласының әкімдігі, бірқатар жоғары және арнаулы оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, қала тұрғындары да гүл қойды.

Мұндай рәсім облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінде де өтті.

Тәуелсіздік күні барша жамбылдықтардың көңілдері толғанысқа толып, ерекше әсерге бөленді. Себебі, бұл – айрықша күн. Тәуелсіздік мерекесі – қазыналы қарттарымыздан бастап, бесіктегі сәбиімізге дейін мән беретін тағылымды оқиға.

Елдігіміз баянды, атқан әрбір таңымыз бейбіт әрі тыныш болғай!

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support