- Advertisement -

Жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді

30

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жылыту маусымының кедергісіз өту барысы, жылыту кешендері мен жүйелерінің ағымдағы жағдайына қатысты жедел кеңес өткізіп, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, қазіргі таңда, облыс орталығындағы отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, жылу көздерінде температуралық кестенің сақталуы қала әкімдігінің күнделікті бақылауына алынған. Барлық кәсіпорындарда апаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет атқаруда.

– Қала бойынша жалпы бес жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Кәсіпорын қазандықтарында негізгі пайдаланылатын отын түрі – табиғи газ. Осыған орай, барлық кәсіпорындар газ жеткізу бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалымен келісімшартқа отырған. Сонымен қатар, кәсіпорындар резервтік отын қорын дайындаған, – деді Б.Орынбеков.

Облыс әкімі жауаптыларға алдағы күндері ауа температурасының төмендейтінін, соған сәйкес, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі керектігін баса айтты. Сондай-ақ, жылыту кешендері мен желілерінің жұмысын үздіксіз бақылауда ұстау, тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастыру, коммуналдық жұмысшы топтар кез келген жағдайдың алдын алуға, мәселелерді дер кезінде шешу бойынша дайын болу керектігін ескертті.

Аймақ басшысы газ қысымы бойынша облыстың барлық елді мекендері назарға алынып, техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру шараларын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол бойынша төтенше жағдайлар қызметіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support