- Advertisement -

Малдың саулығына маңыз беру керек

36

- Advertisement -

Қаратаудың етегін жайлаған мал баққан ел таудың биік шыңдарына шығып, көз ұшында жүретін арқарға дүрбі салатын. Тау мен тасты мекен ететін сезімтал жануар бір-бірімен сүзісіп, айқаса бастаса шағылысудың басталғанынан хабар бергені деп топшылап, күзгі күйек алу науқанына кіріскен. Оны бала кезімде аталарымыздан, әкелерімізден талай естідік.

Күн шуағы төгілген жексенбінің бір жылы күні шаруагер бір досыммен «Арбатас» арқылы «Аралтөбеге» ары өтіп, әрі табиғат аясында серуендеп әрі арқарға дүрбі салып қайттық.

Тау еркесінің көбеюге атсалысу кезеңі басталыпты. Уақыттан жеңілген кәрі-құртаңы мен әлжуаздары өздігінен қатардан шыға береді. Бұл ешқандай ғылыми негіздің де, ветеринарлық кеңестің де қажеті жоқ, табиғат заңдылығы.

Бір таңғаларлығы, сезімтал жануар 150-152 күнде, көктемнің жайма-шуақ күнінде төлдеу науқаны басталатынын да ішкі түйсіктерімен болжай білетін даланың «дана қарттары». Саулық 150-152 күнде төлдейді.

Бұл да шаруа қауымы үшін жыл он екі ай бойы кезегімен келіп жататын жауапты науқан болған соң, біз де қамдандық. Бірінші, қора-жайын қамдадық, азығын молынан дайындадық. Мына іргедегі қырғыз ағайындар мен Тәжікстаннан жеткізілген асыл тұқымды қошқар сатып алдық. Бір отар қойға 25 қошқардан жібермекпін. Өз шаруашылығымда осыны басшылыққа аламын.

Аграрлы өңір саналатын біздің Жамбыл облысында асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымдары толып жатса да, неге екенін қырғыздың немесе тәжіктің қошқарын бағасы удай болса да сатып аламыз. Кезінде «асыл тұқымды мал өсіреміз, қошқардың да небір сортын шығарамыз» деп мемлекеттен қыруар қаржылай көмек алғандар да болды…

Жарайды, реті келген соң, еске түскені.

Енді бір сөз. Қылышын сүйретіп қыс та келді. Біздің өңірде басқа түліктей емес, қар қалың түсіп, ақ түтек боран соқса да, уақ мал қолға қарап қалмайды. Жусанның басын шалады, боранда қамыс ішін паналап, қар астындағы көкті қағажу етеді. Малдың жайын білетін шаруа достар қыстан қысыла қоймас, сонда да жемшөптің қорын ортайтып алмаған жөн. «Сәуір болмай тәуір болмайтыны» қай-қайсымыздың да есімізден шықпаса екен деймін.

 

Жұмасейіт НҰРБАЕВ,

Зейнеткер

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support