- Advertisement -

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалуда – Е.Қарашөкеев

64

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып өтті. Жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,3 трлн теңгені құрап, 6,1%-ға артты. Бұл — республика бойынша 8-орын.
«Экономика салалары бойынша, байланыс көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,1%-ға, құрылыс жұмыстары — 11,1%-ға, сауда — 2,6%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру — 2,2%-ға, өнеркәсіп өндірісі — 0,6%-ға, көлік — 0,1%-ға артты», — деді спикер.

Өңдеу өнеркәсібі секторында облыстың мықты өнеркәсіптік негізін жедел дамыту және қалыптастыру басты міндет болып қалуда. Өңір экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі 22%.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 695 млрд теңгеге дейін жеткізілді, онда өңдеу секторының үлесі 71%, өнім көлемі — 494 млрд теңге.

Тау-кен өндіру саласының көлемі 17,1%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі саласына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі – 121млн АҚШ долларын құрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support