- Advertisement -

Ол күндер ұмытылмайды…

49

- Advertisement -

Облыстық ардагерлер кеңесінің мәжіліс залында желтоқсаншылар тараздық зиялы қауым және ардагерлермен кездесу өтті. Жалпы, кешегі ызғарлы желтоқсанның қандай қатерлі болғаны есімізде болса, сол жылдары қазақ жастары шеккен қасірет, жүрекке түскен жара әлі жазылған жоқ.

Жиынды «Жамбыл облысы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиев ашып, сонау жастарды ең дүр сілкіндірген қатерлі жылдардың әсерін айта келіп, қонақтарды таныстырып өтті.

Мұнан соң желтоқсантанушы, «Желтоқсан» кітабының авторы Талғат Айтбай толғана сөйлеп, біраз ақпаратты іздеп тауып жазғанын, желтоқсан ақиқаты әлі толық ашылмағанын айтып өтті. Желтоқсаншы, Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік. 1986. Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Байниязов та өзі куә болған сол сұрапыл күндерді толғана баяндады. Ақын, желтоқсаншы Әділхан Халелхан сол жылдардың ызғарын өз естелігі арқылы көптің көз алдына әкелді. «Қадірлі бауырлар! Біздің халық ержүрек батыр халық. Сол желтоқсан оқиғасы кезінде де сол ерлік рухымыз асқақтап көрінді. Ұл-қыздарымыз соққы жеп, мұзға тасталып, үстінен суық су шашылса да рухын өлтірген жоқ. Әділдік жолында кеуделерін тік ұстады. Қазақтың батырлық үлгісін көрсетті. Олардың бәріне құрметпен бас иеміз», деді. Мұнан соң желтоқсаншы, Мәдениет саласының үздігі Аман Малдыбаев әсерлі естелік айтты.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Әбиірбек Тінәлі сол кездегі жағдайды баяндап, өзі жазған ән тарихына тоқталып, «Желтоқсан желі» әнін шырқап берді.

Жиынды Мұрат Бердалиев қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support