- Advertisement -

Өрт салдарынан 50 адам эвакуацияланды

51

- Advertisement -

3 қазанда сағат 2-ден 44 минут кеткенде «101» пультіне Тараз қаласы, «Қарасу» шағынауданындағы төрт қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, дереу оқиға орнына 14 техника мен жеке құрамнан 50 адам жөнелтілген.

Өрт сөндіруші құтқарушылар жедел түрде үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, баспалдақпен 50 адам, оның ішінде 20 баланы эвакуацияланды. Барлау барысында өрт сөндірушілер 4-қабаттан 1981 жылы туған ер адамның денесін тапты. Сонымен қатар, екі адам – 1979 жылғы әйел және 2002 жылғы ер азамат ауруханаға жатқызылды.

Тұрғындарды құтқару кезінде Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға прапорщигі Бекмұрат Сұрабалдиев жеңіл дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Оның жедел әрекетінің нәтиже сінде екі тұрғын ажал тырнағынан аман қалды.

Өрт бөлімшелердің жалпы күшімен 3 с ағат 20 минутт а сөндірілді. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.

Жалпы, биыл 9 айда облыс аумағында 611 өрт тіркелген. Оның 70 пайызы, яғни 429 өрт тұрғын үй секторында орын алған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындары және қонақтарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support