- Advertisement -

Шәкірттерге тәлім Берген Тұрсынай

69

- Advertisement -

Тұрсынай Исаханқызы 1980 жылы орта мектепті бітіріп бала кезінен ұстаз болуды арман еткен. Сол жылы Алматы қаласына Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби) ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға түседі. Алғашқы ұстаздық еңбек жолын 1985 жылы Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылындағы мектепте физика пәні мұғалімі болып бастайды. 1988 жылы Мыңарал поселкесіне көшіп келіп жұмысын жалғастырады. 1996- 2000 жылдар аралығында аталмыш мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарыпты.

2000 жылы облыс орталығына көшіп келіп №47 орта мектебіне физика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Осы уақыт аралығында мектептен қалалық, облыстық пән олимпиадаларына оқушы дайындап жетістіктерге жеткен. 2007 жылдан қалалық пән олимпиадасының, 2008-2009 оқу жылынан бастап облыстық физика пәні олимпиадасының әділ қазы мүшесі. Тараз қаласы бойынша физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобында жұмыс атқаруда. Өзінің қызметтік өмір жолы барысында түрлі басқармалар мен жергілікті әкімдік тарапынан көптеген марапат алған. Әр жылдары кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тұрсынай ұстаздың озық тәжірибесін үйренуге жас мамандар құштар. Озат педагогтың ұзақ жылғы ерекше тәжірибесін Тараз қаласындағы мектептерге таратып, жас мұғалімдерге бағдар ретінде тарту жұмыстары ойластырылуда. «Біздің мектепте осы білікті де озат маман Тұрсынай Исаханқызының еңбек етуі – үлкен абырой. Біздің ұжым ол кісіге үнемі құрметпен қарайды», – дейді аталған №47 орта мектеп директоры Айжан Әбдешова.

Ол отбасында үш ұл бала тәрбиелеп өсірген ана, немерелердің шуағына бөленген бақытты әже.

Тұрсынай Исаханқызы өмірлік мол тәжірибесі бар білікті маман, шәкірттерінің жүрегінен орын алған аяулы ұстаз.

 

 Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support