- Advertisement -

Тараздық депутаттар Жолдауды талқылады

95

- Advertisement -

«Amanat» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, фракция мүшелері Марат Жұманқұлов пен Қайсар Алдахметов және Эльмира Абдинованың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанында сайлаушылардан түскен аманаттардың, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы мен депутаттық міндеттерін атқаруы туралы есептері тыңдалды.

«Amanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек Президент Жолдауда партияның үш жобасын атап айтқанына тоқталып, мұны партияның жеңісі деп бағалады.

– «Amanat» партиясының жобаларын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтып өтті. Әсіресе, «Ауыл аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталды. «Ауыл аманаты» жобасымен ауыл тұрғындарына екі жарым пайызбен несие беріп, кәсібін бастауға қолдау көрсетіліп жатыр. «Жер аманаты» жобасы да ауылдағы ағайынның шаруасына үлкен көмек көрсетіп отыр. Яғни, бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жайылым ретінде пайдалануға берілуде. «Қарызсыз қоғам» жобасы халықтың қаржылық сауатын арттырып, несиеден құтылуға арнайы дайындалған бизнес-тренерлердің ақыл-кеңесімен көмектесуде. Мамыр айында басталған жоба облыстың барлық аймақтарын қамтуда. Осы жобаларымызды Мемлекет басшысы Жолдауда атап айтқаны – жұмыстың тиімді нәтижесін байқатады, біз бұны жеңісіміз десек те болады, – дейді Ермұхамед Жұмабек.

– Президенттің бұл жолғы Жолдауында қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары жақсы айтылды. Мәселен, су тапшылығын шешу үшін министрлік құрылып, оған облысымыздың бұрынғы әкімі министр болып тағайындалғаны қуантады. Одан соң жасанды интеллектті елімізде дамыту көптеген істердің көп күш жұмсамай атқарылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқы берілетіні аймақтардағы көптеген түйінді мәселелерді дер кезінде шешуге серпін береді деп ойлаймын. Мемлекеттік сатып алу ісіне реформа жасап, жаңа заң қабылдау қажеттігі сапасыз құрылыстарды ретке келтіруге септігін тигізері анық. Себебі, мемлекеттік сатып алудағы кешігулер алдымен жол салып, одан соң жер астынан құбыр жүргізу секілді жүйесіз іске жеткізетіні жасырын емес. Осындай жаңа бастамаларымен «Әділетті Қазақстан және Адал азамат» атты Жолдауды әдеттегіден ерекше дей аламын, – деді депутат Зарина Қуатова.

Отырыс соңында «Amanat» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшілігіне Марат Жұманқұлов сайланды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support