- Advertisement -

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

27

- Advertisement -

Аmanat партиясы облыстық филиалы кезектен тыс ХХХIV конференциясы өтіп, 2023 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған межелі міндеттерді белгіленді.

Шараға партия облыстық филиалы cаяси кеңесінің мүшелері, партия аудандық филиалының төрағалары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиында сондай-ақ, Аmanat партиясының өңірлік cайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2023 жылы Қордай ауданында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың баяндамасы тыңдалды. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстық филиалдың құрамында 54,5 мың партия мүшесі бар 266 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасауда.

Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде партия қатары белсенді жастар, өндіріс саласындағы жас мамандар, шағын және орта бизнес өкілдері, спортшылар, мәдениет саласының қызметкерлері және мемлекеттік қызмет атқарып жүрген 1761 адаммен толықты.

Конференция барысында Аmanat партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өткен жылдың есебін берді. Филиал төрағасының сөзінше, аймақтық сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасы бойынша 2023 жылға қарасты 98 көрсеткіштің 96-сы орындалған.

Сонымен қатар, есепті мерзімде 38 әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, оларға арнайы тақтайшалар орнатылды. Ағымдағы жылы 43 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

– Партия жұмысының тағы бір маңызды бөлігі – ол әрине қоғамдық қабылдау бөлмелері. 2023 жылы партияның облыстық және аумақтық филиалдарына 3221 өтініш түсіп, оның 64 пайызы оң шешімін тапты. Өтініштердің 36 пайызына заң аясында толыққанды жауаптар берілді. Жыл ішінде 19 елді мекенде көшпелі мобильді қабылдаулар өткізіліп, 757 азаматтың мәселесі тыңдалды. Ауылдық округтерге партиядан кандидат ұсыну партия ұйымдарының жергілікті жерлердегі белсенділігін арта түсірді. Бүгінгі таңда облысымызда 142 ауылдық округтің әкімдері тікелей сайланды. Олардың 132-сі біздің партиямыздың мүшелері. Партияның облыстық филиалы облыстың қоғамдық-саяси өміріне араласып, қоғамдағы маңызды оқиғалардың ортасынан табылып келеді. Қазіргі уақытта түрлі әлеуметтік топтарға бағытталған партияның 16 жобасы жүзеге асырылуда. Партиялық жобалардың амбассадорлары ретінде мәслихат депутаттары бекітілген, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Өткен жылы бастау алған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 11215 азамат оқытылса, салық есептілігі және қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау бойынша қаржыландыру шарттарын тиімді пайдалану, бизнесжоспар дайындау сынды 4000-ға жуық заңгерлік көмек көрсетілді. Бұл жоба өңірде биыл да жалғасын тауып, 8 500 тұрғынды оқытудан өткізу жоспарда.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы 2023 жылы жоба аясында 24 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, 24 миллиард теңгенің 20 миллиард теңгеге жуығы игеріліп, 3 мыңнан астам тұрғындар несиелендірілді. «Жер аманаты» жобасы аясында былтыр өңірдегі 201,2 мың гектар жер қайтарылып, тұрғындардың қолжетімді пайдалануына берілді. Ал, биыл жоспарға сәйкес өңірде 80 мың гектар жайылымдық жерлерді қайтару жоспарлануда.

Өткен жылдың қараша айында республика көлемінде алғашқылардың бірі болып Байзақ ауданында «КітапАmanat» мәдени-ағартушылық орталығы жұмыс жасауда. Белсенді әйел азаматшаларды қолдау мақсатында партия облыстық филиалы жанынан Әйелдер қанаты құрылып, партия Орталық аппаратының келісімімен облыстық мәслихаттың депутаты, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Айман Серікқызы Ашимова төрайымы ретінде сайланды.

Сонымен қатар, конференцияда Аmanat партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2023 жылы Қордай ауданында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков баяндамасы тыңдалды. Ауданда сайлауалды бағдарламада көрсетілген 80 көрсеткіштің 64-і 2023 жылы орындалуы тиіс болса, оның 60-ы орындалған.

– «Аймақтың экономикасының дамуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту» бағыты бойынша 16 көрсеткіш жоспарланып, толығымен орындалды. Бағдарлама шеңберінде қойылған міндеттердің ішінде – егіс алқаптарының көлемі мен ірі қара мал санын арттыру, сыртқы өткізу нарығын дамыту, ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуға басымдық беру көрсетілген болатын. Ауыл шаруашылық техникалары бойынша есепті кезеңге 127 бірлік техника сатып алу жоспарланып, нәтижесінде агроқұрылымдар 261 бірлік техника сатып алды, – деген Бегзат Сейсенқұлұлы әр сала бойынша бағдарламаның орындалу барысын жеткізді.

Сондай-ақ, келесі жиында партия Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының келісімімен, Аmanat партиясынан Тараз қалалық мәслихатының №25 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат ретінде Елдос Далабай ұсынылды.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,

Аmanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support