- Advertisement -

Достық алауы жанындағы кеш

156

- Advertisement -

Жайдары жазбен бірге табиғат аясында дем алу адам бойына серпін береді, жаның жай табары сөзсіз. Сондай табиғат аясында бас қосуды жақын достар мен қызметтестер арасында ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының Тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары подполковник Қуанышбек Мұсабековтың ұйымдастыруымен «Достық алауы» атты кеш өткізілді.

Сарбаздар  маздаған кешкілік алаудың жанында жиналып, осындай ерекше демалыста бас қосуға барынша ат салысты.

Кеште сарбаздар әскери патриоттық  ән айтумен қатар, әсем әннің ырғағында би биледі, бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, кештің ажарын аша түсті.

Мұндай кештер әскери ұжымдарды жұмылдырады, әрі бір-бірімен сырласу арқылы бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі және достық қарым-қатынастарын нығайтатыны анық.

 

Кітапхана меңгерушісі  Камила Әбсеметова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support