- Advertisement -

Импорттаудан экспорттауға көшуі керек

64

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Yildirim Holding» компаниясының бас директоры Исмаил Джейланмен кездесті.

Қазақстанда алғашқы кальцийленген сода өндіретін зауыт Жамбыл облысының Сарысу ауданында жүзеге асуда. Жоба Yildirim Holding түрік компаниясының еншілес кәсіпорны Qazaq Soda жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі.

Кездесуде компания басшысы жобаның жүзеге асу барысын талдап, мүмкіндіктерін жеткізді.

Бірінші кезеңде зауытқа құйылған инвестициялар құны 400 миллион долларды, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 миллион тоннаға дейін өнімді құрайды. Қуаты 500 мың тонна болатын бірінші кезеңді 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан оны импорттаудан экспорттауға көшуі тиіс. Зауыт Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД үшін ең ірі химиялық кәсіпорынға айналады. Сода шыны, химия, металлургия, тау-кен және тоқыма өнеркәсібінің 100-ден астам саласында қолданылады.

Басқосу барысында тараптар газ жеткізуге қатысты және өзге де мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстарды саралады.

Аймақ басшысы жергілікті билік облысқа тиімді инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық тиісті қолдауларды жеткізуге күш салатынын баса айтты.

Өз кезегінде Исмаил Джейлан жобаларды жүзеге асыруда көрсеткен көмегі үшін облыс әкіміне алғыс білдіріп, Yildirim Holding-тің біздің елмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

Гүлжан РАХМАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support