- Advertisement -

Асарлатып үй салған ауыл

95

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы «Қарасаз ауылдық округінің 2023 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары» тақырыбында брифинг өткізді.

Округ әкімі айтып өткендей, Қарасаз ауылдық округі бойынша 5 елді мекен, 15 көше, 3578 халық, 783 аула, 15 ұлт өкілі тұрады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» бағдарламасы шеңберінде 362 адам жұмысқа орналасса, биыл 6 айда 171 адам жұмыспен қамтылған. Округ тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 негізгі бағыты бойынша 160 жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, 160 тұрақты жұмыс орындары қосымша ашылыпты.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауылдық округке 310 тонна жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлініп, округ шаруа қожалықтары қажеттіліктеріне жұмсалған.

Ал, шаруаларға ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында Береке, Көктас және Жүрімбай каналдары тазаланып, 28,65 гектар жерге су баратындай жағдай жасалды. 8,6 шақырым шаруа қожалықтың арықтары тазаланып, 170 гектар егістік жер суармалыға айналдырылған.

Аталған округте 160 кәсіпкер, 238 шаруа қожалығы бар. Округте егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы саласы да тұрақты даму үстінде. Бүгінгі таңда округтегі мүйізді ірі қара мал саны 4848 басты, уақ мал саны 12014, жылқы 876, құс 11970 басты құрапты.

Кәсіпкерлік саласы бойынша былтыр өз қаражаты есебінен іске асырылған инвестициялық жобалар құны 74 миллион 500 мың теңге тұратын 5 жоба іске асырылып, 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, биыл 6 айда құны 11 миллион тұратын 2 жоба іске асырылып, 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Округ әкімі аппаратының негізгі міндеттерінің бірі – округ бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толықтыру. Салық жинаудың жылдық жоспары 6 айдың қорытындысы бойынша 112,7 пайызға орындалған.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 177 миллион теңге бөлініп, округте 4 жоба іске асырылуда.

Округ бойынша 5 елді мекеннің барлығы толықтай газдандырылған, электр жарығымен қамтылған. 5 елді мекеннің 3-еуі орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған, ал, Көктас және Қарасу ауылдары ауыз су жүйесімен қамтылмаған. Алдағы уақытта Қарасу ауылын ауыз сумен қамту мақсатында Жүрімбай ауылынан ауыз су жүйесін тарту жоспарланса, 2024 жылы Көктас ауылына модульдік ауыз су жүйесін тарту жоспарланған. Округтегі жалпы 15 көшенің 14-іне жарық шамдары орнатылыпты.

Округ орталығы – Қарасаз ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория бар, 2017 жылы соғылған, жағдайы жақсы. Қалған төрт елді мекенде 5 келушіге арналған фельдшерлік пункттер орналасқан. Көктас елді мекеніндегі фельдшерлік пункт жағдайы нашар, жаңа ғимарат соғуды қажет етеді.

Қарасаз ауылдық мәдениет үйі 1967 жылы соғылған ескі еді. 2015 жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып қалды. Сондай-ақ, былтыр Қарасаз ауылдық округі бойынша Ақбастау ауылының тұрғыны аз қамтылған жас отбасына 3 миллион 500 мың теңгеге тұрғын үй салып бердік. Биыл Жүрімбай ауылының тұрғыны Инга Бальчунайтеге асарлату арқылы тұрғын үй салу жұмыстары атқарылуда.

Ақбастау ауылының тумасы Жандос Баетов өз қаражаты есебінен ауылда бос тұрған ескі дүкен ғимаратын 2 миллион теңгеге сатып алып, 5 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Рысбек» спорт клубын ашты. Қазіргі уақытта үстел теннисі, бокс, күрес үйірмелері 50 балаға жүргізілуде. Сонымен қатар спорт клубтың ауласына 14 миллион теңгеге спорт алаңшасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жиын соңында Жанар Нұрмұратқызы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support