Жаңа төтенше жағдайлар министрі тағайындалды
Юрий Ильин қызметінен босатылғаннан кейін бұл лауазымға Президент жарлығымен Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы тағайындалды.
Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы — 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.
2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.
2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.
Comments are closed.