- Advertisement -

«Балалардан балаларға» жобасы аясында қос кітаптың тұсау кесері өтті

116

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатында «Балалардан балаларға» жобасы аясында дыбыстанған екі кітаптың тұсаукесері өтті. 

Соның ішінде №10 мектеп оқушылары Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай шығармаларын оқыды. Ал, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғалидың бастамасымен Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия оқушылары танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, аудиотаспалады.

Тұсау кесер барысында «Инклюзия және театр» жобаның аясында Ш. Мұртазаның «Интернат наны» шығармасынан үзінді сахналанды.
Сондай-ақ, №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатының оқушылары музыкалық номерлер ұсынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support